Ділмұхамедов пен Шадукаев кіші финалда бақ сынайды

1162

Қазақстандық қос балуан "Маттео Пелликоне" жарысының қола жүлдесі үшін белдеседі, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Ділмұхамедов пен Шадукаев кіші финалда бақ сынайды

Қазақстандық қос балуан "Маттео Пелликоне" жарысының қола жүлдесі үшін белдеседі, деп хабарлайды Olympic.kz.

Италияның Рим қаласында грек-рим күресінен халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінің іріктеу кезеңдері аяқталды. Нәтижесінде,  Қазақстан құрамасынан 77 келіде Тамерлан Шадукаев пен Асхат Ділмұхамедов кіші финалға шықты.

Тамерлан Шадукаев қола жүлдені АҚШ өкілі Патрик Харрисон Смитпен сарапқа салса, Асхат Ділмұхамедов АҚШ спортшысы Пейтон Берк Уолшпен кездеседі.

Халықаралық "Маттео Пелликоне"  додасының финалдық кезеңі бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-де басталады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу