Димаш "Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі үшін" марапатталды

1265

Димаш "Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі үшін" марапатталды

Кеше Алматыда "Жыл таңдауы-2017" ұлттық музыкалық жүлдесінің марапаттау рәсімі өтті. Қатысушылар түрлі аталым бойынша бақ сынады. 145 әртістің ішінен дауыс беру жүйесімен 70 өнерпаз таңдалды, олар 15 аталым бойынша үздік деп танылды, деп хабарлайды aikyn.kz.

Жас әнші Димаш Құдайберген "Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі үшін" аталымын жеңіп алды. Ол жеке концертіне дайындалып жатқандықтан, марапаттау рәсіміне қатыспады. Бірақ көрерменге видео арқылы сәлем жолдады.

"Жыл таңдауы – 2017" жүлдесін жеңіп алған әртістер қатарында Тоқтар мен Бейбіт, Тамара Асар, Ерке Есмахан, Әли Оқапов, Айдана Меденова, Иса Әлимұсаев пен Фарида Жолдасова, 91 тобы, Кәмшат Жолдыбаева, Жанболат пен Жазира, "Алашұлы" тобы, "Музартлайф" тобы, Нұрболат Абдуллиндер бар.

Айта кетейік, "Жыл таңдауы – 2017" байқауының ұйымдастырушысы – продюсер Жан Мұқанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу