Димаш ақтық сынға жолдама алды

690

Димаш ақтық сынға жолдама алды

Шабысы дүлдүл, дауысы бұлбұл Димаш Құдайбергенов қытайлық ән байқауының ақтық сынына жолдама алды, деп хабарлайды Хабар телеарнасы.

Әлеуметтік желілерде I am singer шоуының 9-кезеңінің видеосы тарады. Онда жерлесіміз белгілі әнші Селин Дионның "All by myself" туындысын орындап, екінші орынға ие болды.

Қазір байқаудың 10-кезеңі де түсіріліп біткені белгілі. Димаш дәл осы айналымда Орал Байсеңгіровтің "Ұмытылмас күн" композициясын шырқап, финалға шықты.  Бұл әннің бейнежазбасы бір аптадан соң жарияланады. Байқау шарты бойынша, ол әуелі хунан арнасынан көрсетілуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу