Димаш Almaty Open ATP 250 турнирінде жаңа әнін шырқады

95

 Бұл ән осыған дейін Димаштың АҚШ-тағы және Мексикадағы концерттерінде ғана орындалған.

Димаш Almaty Open ATP 250 турнирінде жаңа әнін шырқады Фото: dimashnews.com

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 14 қазан күні Almaty Open ATP 250 турнирінде көрерменге жаңа әнін шырқап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Димаш Құдайберген Almaty Arena сахнасында Франция, АҚШ, Түркия және Қазақстан авторларының әндерін орындап, композитор ретінде өзінің "Самғау" атты жаңа туындысын таныстырды. Бұл ән осыған дейін Димаштың АҚШ-тағы және Мексикадағы концерттерінде ғана орындалған. Қазақ сахнасында алғаш тұсауы бүгін кесілді. Өнер көрсеткеннен кейін Димаш кеш жүргізушілерімен тілдескен.

"Бұл жарыс өз елімізде өтіп жатқандықтан және оған біздің спортшылар қатысып, Қазақстанның беделін көтеріп жүргендіктен, мүмкіндігінше қарап, қолдау көрсетуге тырысамын. Әрине, өзімді аса қызу жанкүйермін деп айта алмаймын, бірақ үнемі болмаса да, теннисті тамашалауға уақыт табамын", – деді Димаш.

Сонымен қатар, ол Қазақстан туын көтерген барлық спортшыға ыстық ықыласпен жанкүйер болатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу