Димаш Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 20 млн теңге аударды

1406

Бұл туралы журналист Бауыржан Бабажанұлының өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.  

Димаш Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 20 млн теңге аударды Фото: inform.kz

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Қарағандыда апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың 20 отбасына көмек ретінде 20 миллион теңге аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz журналист Бауыржан Бабажанұлының Instagram парақшасындағы хабарламаға сілтеме жасап.

"Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың қайғысы әлі ұмытылған жоқ. Мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де олардың отбасына қолұшын созып жатыр. Әйгілі әнші Димаш Құдайберген де бұл сауапты істен сырт қалған жоқ. Ол сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға кеше 1 миллион теңгеден аударды. Осы хабарды кездейсоқ естіп қалып, Қанатқа хабарласып ем, растады. Жалпы Айтбаевтар отбасы бергенін жариялай бермейді. Димаш атқа мінгелі ғана емес, бұрыннан солай. Бірақ мына хабарды ел білуі керек қой. Димаштың бұл ісін басқа да өнер иелері жалғастырып әкетсе, кәнеки! Осы мақсатпен жариялап отырмын", – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, 28 қазанда Костенко атындағы шахтада жарылыс болып салдарынан 46 адам қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу