Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" байқауында ән шырқайды

1026

Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" байқауында ән шырқайды

Әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" байқауында ән шырқайды. Бұл туралы әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"8 желтоқсанда "Әлем аруы" байқауында қатысушыларды қолдап ән арнаймын. Көріскенше", - деп жазды әнші парақшасында.

Айта кетсек, 2018 жылғы "Әлем аруы - 2018" байқауы 8 желтоқсанда Қытайдың Санья қаласында 68-ші мәрте өткізіледі. Аталмыш байқауда әлемнің 120 елінен арулар бақ сынайды.

"Әлем аруы - 2018" конкурсына еліміздің атынан Қазақстанның вице-аруы, қарағандылық Екатерина Дворецкая қатысады. Жерлесімізге онлайн-дауысты мына сілтеме арқылы беруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу