Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz inbusiness.kz сайты.
Белгілі Қазақстандық әнші әрі музыкант Димаш Құдайберген Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесті. Құтқарушылар қазіргі уақытта Құлсары қаласындағы су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Димаш Құдайбергенов өзінің сапары барысында әскери қызметкерлерге еңбектері үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, аумақтағы авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласының құтқарушылары, сондай-ақ ТЖМ, ҚМ және ҰҰ әскери қызметшілері мен ЖАО қызметкерлері жұмылдырылған.