Димаш Құдайберген ақтөбелік оқушыларға лагерьге жолдама сыйлады

1073

Өнер иесі LEGO портретін жасаған бес оқушыны арнайы марапаттады.

Димаш Құдайберген ақтөбелік оқушыларға лагерьге жолдама сыйлады Фото: dimashnews.com

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық сапары аясында туған жері Ақтөбеге барып, өзі білім алған оқу орындары мен балалар лагерінде оқушылармен кездесті,  деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өнер иесі "Шұғыла" балалар лагерінде өзіне арнап LEGO бөлшектерінен алып портрет жасаған бес оқушымен жүздесіп, олардың еңбегіне ризашылығын білдірді. Алғыс ретінде Димаш балаларға дәл осы лагерьге жолдама сыйлады.

Жобаның бастамасы мектептегі робототехника үйірмесінде көтерілген. Мұғалім Жаналы Мақаттың ұсынысымен төртінші сынып оқушылары Димаштың өмірі мен шығармашылығын зерттеп, шамамен 1,5×2,5 метрлік көлемді композицияны бір апта ішінде құрастырған.

Педагогтердің айтуынша, мұндай жұмыстар балалардың шығармашылық қабілетін, ұқыптылығын және топпен жұмыс істеу дағдысын дамытады. Жоба авторлары жерлес өнерпаздың жетістігі өздеріне шабыт беріп, туған өлкенің таланттарын дәріптеуді мақсат еткендерін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу