Димаш Құдайберген алғаш рет Германияда концерт өткізді

827

Димаш Құдайберген алғаш рет Германияда концерт өткізіп, Дюссельдорф қаласындағы ISS Dome аренасында қазақтың әні әуеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Димаш Құдайберген алғаш рет Германияда концерт өткізді

Қазақстан әншісінің керемет шоуын тамашалау үшін көрермен Еуразия, Америка, Африка, Австралия, бір сөзбен дүниенің төртбұрышынан жиналды. Димаш тыңдарманына пандемияға дейін басталған "ARNAU" турының жаңартылған бағдарламасын ұсынды.

Ол әдеттегідей бірнеше тілде ән орындады. Ағылшын, итальян, француз, орыс, қытай тілдеріндегі туындылардың әрқайсысының әнші шығармашылығында өз орны бар. Дегенмен концерт бағдарламасының басым бөлігінде ана тілінде айтты.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу