Димаш Құдайберген Алматыда алғаш рет жеке концертін береді

717

Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Димаш Құдайберген Алматыда алғаш рет жеке концертін береді

"2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында "Stranger" атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім.

Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі - Орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін!", – деп жазды Димаш.

Билеттің қашан сатыла бастайтыны туралы қосымша хабарланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу