Димаш Құдайберген Алматыда өтіп жатқан теннис турнирінде өнер көрсетті

604

Өнер иесі "When I’ve Got You және "Weekend" композицияларын орындады.

Димаш Құдайберген Алматыда өтіп жатқан теннис турнирінде өнер көрсетті Фото: dimashnews.com

Димаш Құдайберген Almaty Open ATP 250 турнирінде хэдлайнер болып өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

15 қазан күні Almaty Arena стадионында ауқымды халықаралық жарыстың ашылу салтанаты өтті. Шараның хедлайнері Димаш Құдайберген "When I’ve Got You және "Weekend" композицияларын орындады.

Сондай-ақ, Димаш кеш соңында А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің тұңғыш директоры, композитор Қайырғали Қожанбаевтың "Ризамын тағдырға" әнін қазақ тілінде орындап, көрермендердің ықыласына ие болды.

Айта кетейік, 13-20 қазан аралығында Алматыда алғаш рет теннистен ATP 250 сериясы бойынша турнир эстафетасы өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу