"Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезімдерін өлеңге қосып, өз өлкесінің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем. Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін, жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген 20 ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Бұған дейін Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго Будапештте Virtuosos V4+ жобасының финалында Жорж Бизенің 1863 жылғы "Искатели жемчуга" операсынан дуэт шырқаған болатын.