14 желтоқсан күні Астанадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде BIZ BIRGEMIZ Fest қайырымдылық фестивалі өтеді, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара балалар жылы аясында ұйымдастырылып отыр.
“BIZ BIRGEMIZ Fest ерекше қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық өмірге тарту үшін тиісті жағдай жасау мақсатында өткізіледі. Билеттерді сатудан түскен қаржы церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту орталығына қажетті медициналық жабдық сатып алуға жұмсалады”, - делінген хабарламада.
Қайырымдылық фестивалі аясында демеушілер тарапынан екі көпбалалы аз қамтылған отбасыға пәтер кілті табысталмақ.
Іс-шараның ұйымдастырушылары – Biz birgemiz Qazaqstan қоғамдық қоры.