Димаш Құдайберген Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан I am a Singer ән байқауының финалындағы алғашқы кезеңде өнер көрсетті.
Ол танымал италиялық әнші Адриано Челентаноның "Confessa", сондай-ақ "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясынан құралған попурриді орындады.
Байқаудың екі кезеңнен тұратын финалына 10 әнші жолдама алған болатын. Жобаның талабы бойынша оныншы болып сахнаға шығатын әнші өзінен кейінгі тоғызыншы әншіні белгілейді. Оныншы болып өнер көрсететін Линь Чжисюань Димашты тоғызыншы болып шығуға белгіледі, ал Димаш сегізінші әншіге Lion тобын таңдады.
Айта кетейік, жартылай финал әншілердің байқауда соңғы рет жеке өнер көрсетуі. Сондай-ақ бұған дейінгідей нақты рейтинг құрылмай, ақтық сынға 8 әнші жолдама алады. Шешуші бәсекеде әр әнші елге танымал әншілермен жұптасып өнер көрсетіп, екі кезеңдегі нәтижесі бойынша жеңімпаз анықталады. Он кезең және жартылай финалдағы нәтижелердің қортындысы бойынша Гонгкок қаласының тумасы Лин Илиан рейтин бойынша бірінші орында, ал Димаш екінші орында тұр.
Еске сала кетейік, байқаудың ақтық бәсекесін 15 сәуір күні "Хабар" телеарнасынан тікелей эфирден көруге болады. Бұл күні Димаш қытайлық танымал әнші Шаң Венжемен бірге ән шырқайды.