Димаш Құдайберген Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында екі күн концерт береді. Мұны үкіметтің селекторлы режімдегі отырысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.
"Ауқымды концерттік бағдарламалар ішінде Димаш Құдайбергеннің "Астана Арена" стадионында өтетін концерті бар. "Астана Аренаға" 22 мың адам сsяды. Айналдырған 6 күннің ішінде 7 мың билет сатылып кетті. Сондықтан қазір біз Димаш Құдайбергеннің екінші концертін ұйымдастыру мәселесін қарастырып жатырмыз", – дейді министр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу