"Даусы жұмаққа жетелейді": Франция президенті Димаш Құдайбергеннің дауысына тәнті болды

1000

Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.    

"Даусы жұмаққа жетелейді": Франция президенті Димаш Құдайбергеннің дауысына тәнті болды Фото: dimashnews.com

"Димашымыздың Париж төрінде шырқаған екінші әні атақты “Дайдидау”.

Елисей сарайында қос Президенттің алдында орындаған екі әнін де мемлекеттік қабылдауға жиналған жұртшылық өте жылы қабылдады.

Осы екі әннің видеосын жолдаған француздық әріптесім Анастасия Колосимоға айрықша алғыс білдіремін", – деп жазды Берік Уәли.

Францияның бұрынғы бірінші ханымы Карла Бруни өзінің желідегі парақшасында Димашқа алғысын білдіріп, оның орындауынан алған әсерін бөлісті.

"Кешегі кеште қазақтың тамаша әншісі Димаш Құдайбергенді тыңдау бақытына ие болғаным мені шексіз бақытқа бөледі. Кейбір дауыстар бізді жер шарынан алысқа ұшырып, жұмаққа екі қадам жерге дейін жетелейді. Бар болғаныңыз үшін рақмет, Димаш! Сіздің орасан зор талантыңыз үшін, абсолютті грацияңыз үшін, ерекше дауысыңыз үшін рақмет”, – деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу