Әнші Димаш Құдайберген Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы ұсыныстарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хаттар келіп түсіп жатыр. Бұл байқауға мен тек қонақ ретінде шақырса ғана қатысамын. Қатысушы ретінде байқауға қатыспаймын және керек деп санамаймын", – деп жазды әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Ол халықаралық аренада өз Отаны – Қазақстан атынан ғана шығатынын жеткізді.
"Аса құрметпен жанкүйерлеріме айтарым, халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын, ол менің Отаным – Қазақстан! Қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңызға рақмет!", – дейді Димаш.
Айта кетейік, Димаш алдағы үш айда Еуропаның 11 қаласында жеке концерт береді.