Димаш Құдайбергеннің Arnau tour Envoy атты Нью-Йоркте өтетін концертіне билеттердің барлығы бір жарым айда сатылып кеткен. Кеш билеттерін саудалау 13 қыркүйекте басталған. Бір айдан астам уақытта әншінің фанаттары (оның 75% америкалықтар) барлық 7 мың билетті сатып алған.
"Әншінің өнерсүйер қауымы тарапынан сұраныстың артуына байланысты TIcketmaster.com сайтында қосымша фан аумақ пен артқы қатарларда тағы 2 мың орын қостық. Сүйікті әншілерінің кешіне билет алып үлмегендерге тағы бір мүмкіндік пайда болды",– деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Димаш Құдайбергеннің Лондонда өткен концертінде осындай аншлаг болған. Ұлыбритания астанасындағы Indigo at the O2 сарайына әлемнің 45 елінен 4600 адам келген.