Ол әншімен бір бағдарламада жұмыс істеген және оған Димаш домбыра сыйлаған.
"Бәріңізге сәлем! Менің есімім – Li Yimei. Мен Димашты өте жақсы танимын және ол Қытайда өте танымал әнші. Өйткені Димаш Қытайдағы музыкалық телешоулар мен бағдарламаларға жиі қатысады. Ол керемет әнші және оны көптеген адам жақсы көреді", – дейді блогер.
Li Yimei Димаш қатысқан, күзгі фестивальге арналған телебағдарламаны жасау құрметіне ие болғанын мақтанышпен жеткізді.
"Бағдарлама кезінде біз көп әңгімелесіп, бір-бірімізді жақынырақ таныдық. Ол тіпті маған қазақтың ұлттық аспабы – домбыраны сыйлады. Сүйікті досымыз Димаш Құдайбергеннің арқасында мен қазақ халқының мәдениетімен таныспын", – дейді қытайлық блогер.