12 желтоқсанда Димаш Құдайберген Латвияның Xiaomi Arena атты ең танымал аренасында "Stranger" атты шоу-концертін өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Негізінен аренада хоккей матчтары, баскетбол турнирі, ауқымды фестиваль мен ұлттық мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып жүр.
Арена 2006 жылы мұздағы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізу мақсатында салынған. 2023 жылы бұл жерде Латвияның XXVII ән және XVII би фестивалінің ашылу салтанаты өткен.
Әлемдік деңгейдегі көптеген өнер жұлдызы аталмыш әйгілі сахнада өнер көрсеткен. Атап айтқанда, мұнда Брайан Адамс, Deep Purple, Depeche Mode, Эд Ширан, Энрике Иглесиас, Эрос Рамаццотти, Кэти Перри, Ленни Кравиц, Линкин Парк сынды өзге де танымал топтар мен жеке орындаушылардың шоулары өткен.