Димаш Құдайберген "Любовь уставших лебедей" әніне бейнебаян түсірмек

1611

Әнші әлемдік деңгейдегі қандай әншілермен жұмыс жасап жатқаны туралы айтты.

Димаш Құдайберген "Любовь уставших лебедей" әніне бейнебаян түсірмек

Димаш Құдайберген Игорь Крутоймен айтатын "Любовь уставших лебедей" әніне бейнебаян түсіргелі жатыр, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Қазақ ырымшыл халықпыз ғой. Алдағы мақсаттарды жайып салғанды жөн көрмейміз. Дегенмен айтып өтейін, Игорь ағамыз екеуміз айтып жүрген "Любовь уставших лебедей" деген әнге бейнебаян түсіргелі жатырмыз. Одан кейін Америкадағы композиторлардан келген тамаша әндерге бейнебаян түсіргелі отырмыз", – деді Димаш орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, әлемдік деңгейдегі қандай әншілермен жұмыс жасап жатқаны туралы да айтып өтті.

"Әрине, әнші үшін жақсы композиторлармен жұмыс жасау маңызды. Осы орайда, менің мансабымда, шығармашылық өмірімде жақсы композиторлар кездесіп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі уақытта біз Игорь Крутоймен жақсы музыкалық тандем болып жүрміз. Ол кісінің кәсіби тұрғыдағы біліктілігі, музыкадағы білімі туралы ұзақ әңгіме айтуға болады. Өйткені, ол Паваротти, Лара Фабиан, Дмитрий Хворостовский секілді әлемдік композиторлармен жұмыс жасаған білікті өнер иесі. Қазіргі таңда Крутойдың шығарған бірнеше туындылары менің репертуарыма еніп отыр", – деді Димаш Құдайберген.

Әнші өз сөзінде сол секілді Уолтер деген "Титаник" әні бойынша жұмыс жасаған тамаша композитор, Грэмми сыйлығының екі мәрте иегерімен шығармашылық қарым-қатынаста екенін атап өтті.

"Бірақ, халыққа әбден толыққанды піскен дайын шығарманы ұсынғымыз келеді. Сол себептен мен өзіме немұрайлы қарай алмайтын музыканттар қатарынан болғандықтан, әрбір әнді шығармас бұрын жүз ойланып, мың толғанамын. Ал менің сахнаға алып шығып, орындап жүрген әндерім тек композиторлардың емес, менің де жүрегімнен өткен әндер. Ал ондай әндерді бірден кезіктіру өте қиын", – деді әнші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу