Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығымен бөлісті

Бұл туралы өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығымен бөлісті Фото: @kudaibergenov.dimash

19 қаңтар күні әлемге әйгілі опера әншісі Пласидо Доминго мен қазақстандық белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің бірлесіп шырқаған композициясының тұсаукесері өтпек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ертең ХХ ғасырдың айтқысыз дауыс иесі Пласидо Домингомен бірлескен өнеріміздің тұсаукесері өтеді, біз Жорж Бизенің 1863 жылғы "The pearl Fishers" операсынан дуэт орындадық", – деп жазды Димаш Құдайберген.

Димаштың Еуразиялық фан-клубының парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, қос жұлдыз дуэтінің тұсаукесері 19 қаңтар күні Будапештте Virtuosos V4+ халықаралық жобасының финалы барысында өтеді. Ақтық кезеңнің екінші бөлігі 26 қаңтарға жоспарланған. Балалар арасындағы классикалық музыка бәсекесі жобаның YouTube арнасында тікелей эфирден көрсетілетін болады.

Бұл байқауда, Пласидо Доминго – халықаралық қазылар алқасының төрағасы. Төрешілер қатарында Эрика Миклоша (Мажарстанның опера әншісі) және Андраш Келлер (мажарстандық скрипкашы, Келлер квартетінің негізін қалаушы) бар және бұл құрамға биыл алғаш рет қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қосылып отыр.

Айта кету керек, биылғы жылдың 4 мамырында Будапешт қаласында Димаштың жеке концерті өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу