Димаш Құдайберген мүгедектігі бар "Алтын белгі" иегерін қуантты

313

Жас түлектің өмірге құштарлығы, белсенділігі мен білімге деген ұмтылысы көпшіліктің назарын аударды.  

Димаш Құдайберген мүгедектігі бар "Алтын белгі" иегерін қуантты Фото: Астана әкімдігі

Астанада мектеп түлектеріне аттестат тапсыру рәсімі кезінде ерекше білім беру қажеттілігі бар түлекке ерекше сыйлық жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елордадағы №83 мектеп-лицейінің түлегі, "Алтын белгі" иегері Максим Цой мектепті қызыл аттестатпен аяқтады. Ол бұған дейін соңғы қоңырау салтанатында ұстазымен бірге би билеп, әлеуметтік желі қолданушыларының ықыласына бөленген болатын.

Бүгін аттестат табыстау рәсімінде Максим тағы бір қуанышты жаңалыққа кенелді. Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген оған арнайы сыйлық жолдап, ноутбук тарту етті.

"Өнер иесінің бұл сыйы Максимнің білім жолындағы еңбегі мен табандылығына көрсетілген құрмет ретінде бағаланып отыр", – деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елордада биыл 16 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу