Бұл Димаштың Африка құрлығындағы Мысыр пирамидаларының етегінде алғашқы өнер көрсетуі, сонымен қатар ТМД елдерінен шыққан әртістің алғаш рет сахнаға шығуы болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кештің сиқырлы жарығында, мифтер мен көне құпияларға толы пирамидалар әрбір әнге өзіндік ерекше тарих сыйлады.
"Әр туынды жеке бір шағын спектакль секілді, Димаш әрқайсысында басты рөлді сомдады: "Fire" мен "Smoke" композицияларындағы харизматикалық жігіт, "Любовь уставших лебедей" әніндегі шынайы сезімнің қадірін білетін ер адам, "When I`ve Got You" және "SOS d’un terrien en détresse" шығармаларында өмірдің ең қымбат нәрселерін бағалай алатын тұлға бейнесінде көрінді", – деп жазды әншінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Араб түнінің әуезінде қазақтың халық аспаптары ерекше әсерлі естілді, дәстүрлі саз домбыра, қобыз және сыбызғыдан төгіліп, "Stranger", "Адай" күйі және "Тау ішінде", "Дурдараз", "Let it be" сияқты қазақ тіліндегі әндер біртұтас терең сиқырға айналып, көрермендерді шөл даланың арасымен жетелеп өткен іспетті.
Өз кезегінде Димаш көрермендерді концерттің басынан соңына дейін баурап, финалда залға үшінші рет түсіп, биске "Weekend" шығармасын орындап, бұл тамаша мерекеге жарқын нүкте, жоқ, нүкте емес, көпнүкте қойды, өйткені алда әлі талай кездесулер мен концерттер күтіп тұр.