Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden сахнасында жеке концерт өткізеді

139

2025 жылдың 5 қазанында әйгілі Madison Square Garden сахнасында алғаш рет ТМД елінің өнерпазы жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden сахнасында жеке концерт өткізеді Фото: Astana city pass

Әр шығармасы неоклассикалық стилімен танымал қазақстандық әнші әрі композитор, мульти-аспапшы және продюсер Димаш Құдайберген Нью-Йоркте "Stranger" атты әлемдік турының арнайы бағдарламасын ұсынады.

"2025 жылдың 5 қазанында Нью-Йоркте Madison Square Garden сарайында кездескенше", – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden сахнасында аңызға айналған әртістер мен топтар өнер көрсеткен. Олар: Элвис Пресли, Майкл Джексон, Элтон Джон, Мадонна, Бейонсе, Джастин Тимберлейк, Леди Гага, Тейлор Свифт, The Rolling Stones, Led Zeppelin, U2, Queen, Мetallica, KISS және басқа да көптеген әлем жұлдыздары.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу