Әлемге танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген қазақ тазысы күніне орай әлеуметтік желідегі парақшасында бірегей суреттер жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Отандық әнші бүгін – қазақ тазысы күні екенін еске салды.
"Бірінші суретте – бәріміз жақсы көретін тұлпар Ақжанның әкесімен бірге түскен сәтім. Мемлекет басшысының тұлпарымен серуендеп қайту мен үшін үлкен мәртебе болды. Ал екінші суретте – менің қасымда Мемлекет басшысының Нэнси және Наурыз атты тазылары. Менің тазымен ерекше оқиғам бар. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы маған тазы сыйлаған болатын. Мен оған Ғарышкер деп ат қойдым", – деп жазды Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында.
Айта кету керек, бұған дейін бүгін елімізде Қазақ тазысы мен төбеті күні алғаш рет аталып өтіп жатқанын жазғанбыз.