Осы әнге түсірілген және ең көп қаралым жинаған қызықты видео авторына үлкен сыйлық беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
15 мамыр күні сағат 20:00–де (Астана уақытымен) Димаш Құдайбергеннің YouTube желісінде "Тау ішінде" атты жаңа бейнебаянының премьерасы өтеді.
Премьераға орай челлендж жарияланды: осы трекке түсірілген және ең көп қаралым жинаған қызықты видео авторына үлкен сыйлық тарту етіледі.
Шарттары:
- Видеоның ұзақтығы 30 секундқа дейін болуы керек.
- TikTok немесе Instagram платформаларында жариялау.
- Хэштег: #TauIshindeChallenge.
"Челлендж 2025 жылғы 8 мамыр мен 25 мамыр аралығында өтеді. Жүлде – жеңімпаз өз таңдауы бойынша Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне жолдама алады (Барселона, Берлин, Лондон немесе Рига). Ұшу және тұру шығындары толық қамтылады. Нәтижесі – 26 мамырда Алматы қаласында өтетін фан-кездесуде жарияланады", – делінген хабарламада.