Димаш Құдайберген The World's Best байқауында алда келеді

1147

Бұл туралы әнші Инстаграм парақшасында жазды.

Димаш Құдайберген The World's Best байқауында алда келеді

Әнші Димаш Құдайберген Америкадағы The World's Best байқауының финал алдындағы шоуында бірінші сатыға көтерілді. Бұл туралы әнші Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"The worlds best жобасының финал алдындағы нәтижесі. Біз бірінші орындамыз. Барлық жеңісімді қымбатты тыңдарманым мен қазақ халқыма арнаймын",– деп жазды Димаш Құдайберген.

Әнші парақшасында жария етілген дерекке сәйкес, ол 96 ұпай жинап,  бірінші сатыға көтерілген. Ал Қазақстанның тағы бір өнер жұлдызы Данэлия Төлешова 83,5 ұпаймен 5-сатыда тұр.

Еске сала кетсек, осыдан біраз бұрын Димаштың The World's Best байқауының алғашқы турында өнер көрсеткен видеосы жарияланған болатын. Әнші бірінші раундта әнсүйер қауымның құлағының құрышын қандырған S.O.S d'un terrien en détresse композициясын орындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу