Димаш Құдайберген Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынбақ

154

Әннің премьерасы 7 наурызда барлық музыкалық платформаларда жарияланады.

Димаш Құдайберген Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынбақ Фото: Astana City Pass

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екі дүркін Грэмми сыйлығының иегері, әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маэстро Афанасьев Уитни Хьюстон, Барбра Стрейзанд, Мэрайя Кэри, Селин Дион, Лара Фабиан, Рики Мартин, Леона Льюис, Savage Garden сынды әлемдік жұлдыздармен серіктес ретінде культ әндердің авторы және продюсері болды.

Ол сондай-ақ фильмдер мен мультфильмдерге саундтректер жазған. 

Оның жетекшілігімен халықаралық авторлар ұжымы Димаштың "Love's not over yet" атты жаңа әнін ұсынады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу