Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Жапонияның NHK ұлттық арнасына сұхбат бергенін өзінің Іnstagram парақшасына жазды.
"Тарихи терең осынау елге алғаш рет қонақ болып келгеніме өте қуаныштымын", – деді Димаш.
Ол әр елде өнер көрсетіп, осы деңгейге жетіп отырғаны ең алдымен ұстаздарының арқасы екенін айтты.
"Қазақстанда туып, дүниеге есіп ашқаныма ерекше қуанамын, мақтан етемін. Әлемнің қай түкпіріне барсам да, қазақтың өнерін көріп өскен, қазақтың суын ішіп, балын жеген бала екендігімді ерекше мақтан тұтамын", – деді Димаш.
Жапон журналистері қазақтың домбырасына деген таңғалысын жасыра алмай, Димаштан домбыраның сиқыры неде екенін сұрады.
"Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың рухы. Ол жай аспаптан да үлкен дүние", – деді Димаш.