Қазан айының соңында Миланда жарнамалық экрандардағы ең ірі халықаралық өнер көрмесі өтіп, италияндық "Dimash Italian Dears Club" фан-тобы Димашқа арналған екі туындыны ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дуомо жанындағы ІІ Корсо Витторио Эмануэледегі көрмеде Сильвия Уголоттидің "When I’ve Got You" әні тақырыбына графикалық жұмысы және "Scegliamo la pace" ("Біз бейбітшілікті таңдаймыз") логотипі бар постер ілінді.
ExpoMetro ұйымдастырған көрме әлемнің түкпір-түкпірінен суретшілерді жинап, жарнамалық экрандар арқылы қоғамдық орындарда өнерлерін паш етуге мүмкіндік берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу