Димаш Құдайбергенге Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспап сыйға тартылды

130

Кокле – ежелгі музыкалық аспап. 

Димаш Құдайбергенге Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспап сыйға тартылды Фото: dimashnews.com

Димаш Құдайберген "Stranger" жеке концерті өтетін Рига қаласына барды. Жанкүйерлері әншіні әуежайда ыстық ықыласпен қарсы алып, оған дәстүрлі музыкалық аспап – коклені сыйға тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зерттеушілердің деректеріне сүйенсек, кокленің пайда болуы балтық тайпалары кезеңіне дейін барады. XIII ғасырдың өзінде-ақ осы аспапта кәсіби деңгейде ойнаған музыканттар тобы болған екен.

Аспаптың құрылысы қуыс трапеция пішінді денеден және жұқа ағаш тақтайшадан тұрады. Жіңішке металл өзекке 6-дан 9-ға дейін, қазіргі заманда 20-ға дейін жететін ішектерді бекітетін ағаш түйреуіштер орнатылады.

Бұл аспапқа қатысты көптеген аңыздар бар. Оның аты халық ертегілері мен жырларында жиі аталады. Кокле сондай-ақ, Латвияның мәдени канонына да енгізілген.

Латвиядағы Димаш фан-клубының өкілдері халықтың бұл музыкалық аспапқа ерекше ілтипатпен қарайтынын және коклені сыйға тартқанда, әдетте оны тоқыма жылы көрпеге орап беру дәстүрге айналғанын айта кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу