Димаш Құдайбергеннің қауіпсіздігін мемлекет өз мойнына алуы керек – журналист

Ол өнер иесінің Мехико сапарындағы видеосын жариялап, алаңдаушылық білдірді. 

Димаш Құдайбергеннің қауіпсіздігін мемлекет өз мойнына алуы керек – журналист Фото: dimashnews.com

Журналист Ержан Төлектің жазуынша, ел мақтанышы, мегажұлдыз Димаш Құдайбергенді қорғауды елдік деңгейде қамтамасыз ету керек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Димашты қорғау керек! Мына видеоны көріп қатты алаңдап қалдым. Димаш жер-жаһанға қазақтың рухын, тілі мен өнерін танытып, мойындатып жүр! Қазақстанның имиджін қалыптастырып, көптеген елде ұлттың төлқұжатына айналды. Димаш – бүгінде әлемдік деңгейдегі жұлдыз. Сондықтан, жанкүейерлерінің көп болары сөзсіз. Мына жерде қорғаушылар әлсіз көрінді. Олардың тасқындай толқыған жанкүйерлер алдындағы дәрменсіздігі байқалады, – дейді журналист. 

Ол миллиондаған жанкүйері бар әншінің қауіпсіздігін қамтамасыз етпесе болмайтынын еске салды. 

– Димаштың әлемде миллиондаған жанкүйері бар. Әрбір қазақ тақым қысып отыр. Меніңше, Димаштың қауіпсіздігі мәселесін елдік деңгейде қамтамасыз ету керек. Ұлттың жауһарын көздің қарашығындай сақтау қажет! – деп сөзін нақтылады ол.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу