Димаш Құдайбергеннің 27 маусымда елордада өтетін концертіне шетелдіктер де билет сатып алып жатыр. Бүгінде әншінің тыңдармандары билеттердің 40 пайызын сатып алған, деп хабарлайды Baq.kz.
Димаштың "Астана аренада" өтетін концерті "Bastau" деп аталады. Бұл туралы әншінің досы әрі менеджері Алпамыс Шаримов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"#BASTAU - Димаштың Қазақстандағы ең үлкен арена – "Астана Аренада" өтетін жеке ән кешінің атауы! Үлкен әлемдік турне аясында ұйымдастырылған алғашқы концерт Елордамыз Астана қаласында 27 маусым күні өтеді. Биылғы жоспар бойынша Қазақстанда өтетін жалғыз ән кеші! Сондықтан, халықаралық "ЭКСПО" көрмесі аясында өтетін Димаштың #Bastau-ының куәсі болу үшін арнайы Астана қаласына келуге шақырамыз! Бүгінде билет алып, Қазақстанға арнайы келе жатқан шетелдіктер өте көп. Ресей, Қытай, Германия, Италия, Франция, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстаннан билеттер алған жанкүйерлеріміз бар. Билет бағасы 2000 теңгеден #Bastau алады! 40% билеттер жанкүйерлердің қолында! Сіз де бізбен бірге болуға асығыңыз! Билеттер:expo2017culture.kz ticketon.kz +7 777 733 53 53expo2017culture.kz ticketon.kz", - деп жазды әншінің досы әлеуметтік желідегі парақшасында.