EXPO кезінде мәдени-спорттық шараларды өткізу үшін бюджеттен 9 млрд теңге бөлінді.
Қаржының 90 пайызы қазақстандық өнер ордалары мен әртістердің концертін ұйымдастыруға жұмсалады. Ал халықаралық көрме кезінде Астанаға келетін әлемдік деңгейдегі өнерпаздарға шетелдік компаниялар демеушілік жасайды.
Шара шеңберінде "Ла Скала", "Маринин" сияқты мәдениет ұжымдары өз өнерін паш етеді. Сондай-ақ "Ежелгі Египеттің ескерткіштері", "Скиф алтыны" сияқты көрме көпшілік назарына ұсынылады.
EXPO қонақтары түркі мәдениетін насихаттайтын "Turkvision" байқауын тамыз айында тамашалай алады. Айта кетейік, төрткүл дүниені аузына қаратқан қазақ баласы Димаш Құдайбергеннің шоу-концерті 27 маусымда "Астана-Аренада" өтеді. Оған француздың танымал әншісі Лара Фабиан арнайы қатысады.