Әнші Димаш Құдайберген келесі жеке концерті қай қалада өтетінін жария етті. Бұл туралы әнші өзінің Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Мәскеу. Мемлекеттік Кремль сарайы. 22 наурызда, Ресейдегі менің жеке концертімде кездескенше! Жақын арада билеттер сатыла бастайды", - деп хабарлады әнші.
Еске сала кетсек, Димаштың жеке концерті бұдан бұрын Лондонда өткен болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу