Димаш Құдайберген кеше Қытайдың Тиянжин қаласындағы "SOS" балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек қолын созды, деп хабарлайды inform.kz.
hazharas.com сайтының мәлімдеуінше, Димаш тағдырдың тауқыметін тартқан жетім балаларға қағаз-қалам, көрпе-жастық секілді әртүрлі тұрмыстық бұйымдар тарту еткен.
"Осындай жетім балаларға көмек қолын созу – қоғамның борышы, бұдан кейін де жеткіншектердің кемшіліксіз өсіп жетілуі үшін өз көмегімді көрсетіп отырамын", – дейді Димаш Құдайберген.
Балалар үйінің басшылығы Димаштың кеңпейілділігіне ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хат тапсырған.
Айта кетейік, Тиянжиндегі бұл балалар үйі – "SOS" халықаралық балалар үйінің Қытайдағы ең үлкен бөлімшесі. Онда 132 жетім бала тұрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу