Димаш Ниязов Атырауда қызды құтқарамын деп қайтыс болған полицейге мемориал орнатпақ

1073

Атырау тұрғындары полицей секірген көпірге "Батыр Шалқар" деген атау беру туралы сөз қозғаған болатын. Бұл идея Димашқа да ұнады.

Димаш Ниязов Атырауда қызды құтқарамын деп қайтыс болған полицейге мемориал орнатпақ

Нью-Йорк полициясында жұмыс істейтін қазақ боксшы Димаш Ниязов Атырауда көпірден секірген қызды құтқарамын деп қаза тапқан полицей Шалқар Ақымғалиевке ескерту орнату үшін ақша жинап жатқанын хабарлаған еді. Боксшы Prosports.kz тілшісіне осы идеяның қалай келгенін айтып берді.

"Бұл ой қаза тапқан полицей туралы адамдардың пікірін оқып отырған кезде туындады. Бұл пікірлерде негатив өте көп болды. Адамдар кінәліні іздеп, бәрін міней бастады, ал Шалқардың әрекетіне мүлде мән берген жоқ. Мен осы негативті энергияны өзгертіп, назарды полицейлердің әрекетіне ауыстырғым келді. Шалқардың өз отбасында жалғыз жұмыс істейтінін оқыдым, сөйтіп отбасына көмектескім келді. Адамдар оның әрекетін ұмытпағанын қалаймын",– дейді боксшы.

Енді Димаш қажетті соманы жинап, Шалқарға арнап мемориал орнатқысы келеді.

"Басында 100 мың теңге жинаймын деп жоспарлағанмын. Енді одан екі есе жинауды қалап отырмын. Қазіргі уақытта түскен қаржы 200 мыңға жетіп қалды",– дейді Ниязов.

Атырау тұрғындары полицей қаза қапқан көпірге "Батыр Шалқар" деген атау беру туралы сөз қозғаған болатын. Бұл идея Димашқа да ұнады.

"Жақсы ой деп ойлаймын. Адамдар оны еске алып жүреді, тіпті, көпірлерден секіруін де азайтатын шығар",– деп топшылады ол.

Боксшы спорттағы жаңалықтарымен де бөлісіп қалды. Димаш Ниязов рингте мамыр айында оралмақ. Ол қазақстандықтарға жақында үлкен тосынсый ұсынатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу