Димашқа жоғары дауыста ән айтуға болмайды

774

Димашқа жоғары дауыста ән айтуға болмайды

"I am singer" байқауының сегізінші кезеңінің алдында Димаш Құдайберген тамағы қатты ауырып, дәрігерлер көмегіне жүгінген, деп хабарлайды inform.kz.

Sina weibo әлеуметтік желісінде Димаштың дәрігерге көрінген видеосы жарияланды. Одан Димаштың өнер көрсетуден бір күн бұрын салқын тиіп, дауысы шықпай қалғанын байқауға болады. Дәрігер Димашқа толық жазылғанға дейін жоғары дауыста ән салмауға кеңес берген.

Димаш байқаудың сегізінші кезеңінде тамағына ауруды басатын дәрі егіп, сахнаға шыққан. Ал жобаға қатысушы әншілер Димашқа қолдау көрсетіп, сырқатқа қарсы қымбат дәрілер әкеліп берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу