Лондонда Димашпен кездесуге жанкүйерлер кезекке тұрды

101

Димаш бұған дейін әйгілі Лара Фабианның концертінде арнайы қонақ ретінде сахнаға шыққан болатын. 

Лондонда Димашпен кездесуге жанкүйерлер кезекке тұрды Фото: бейнежазбадан

Лондонда әлемге танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергенмен кездесу үшін жанкүйерлер қонақүй алдына ұзын-сонар кезекке тұрды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ал бүгін ол Лондондағы Hilton London Wembley қонақүйінің Grand Ballroom залында өз жанкүйерлерімен жүздесуде.

– Мен Димаштың өнерін өмір бойы сүйіп келемін. Оның әрбір әні жүрекке жетеді. Ол даусымен ғана емес, жан дүниесімен де бізді баурап алады. Бұл – әлемдегі ең керемет дауыс, ол әлемге оң өзгеріс әкеліп жатқан нағыз өнер иесі. Біз оған шын жүректен алғыс айтамыз, – дейді Калифорниядан арнайы келген жанкүйер Глория Макюн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу