Димаштан асып түсетін шәкірт тәрбиелеймін – Айгүл Иманбаева

1963

Жақында ғана "Болашақ" бағдарламасы арқылы Лондонда оқып келген әнші Айгүл Иманбаева шәкірт тәрбиелеуге кірісетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап.

Димаштан асып түсетін шәкірт тәрбиелеймін – Айгүл Иманбаева Фото: canva.com

"Кім қандай мақсатта баратынын, оқып келетінін мен білмеймін. Жалпы менің мақсатым, қай жерде отырайын, қай жерде жүрейін маған өнер деген жолды Құдай маңдайыма аманат қып берді ме, мен осы жолда да қызмет ете аламын. Менің өзімнің АИ академиям бар, АИ театрым бар, мемлекеттік университетте АИ шеберханам бар. Мен жасайтын жұмыс көп. Сол себепті де қазір мен жиып-теріп әкелген энергиямды да, ойымды да талан-таражға түсірмей, үйренгенімнің бәрін, жазатынын жазып келдім. Соның бәрін шәкірттеріме беремін. Әр өнер адамының арқалап жүрген миссиясы бар, жолы бар. Менің миссиям – алдымда 500 шәкірт отыр, оқушысы бар, студенті бар, шәкірті бар, сол ұрпақтың өресі биік болуы, білімді болуы, талантты болуы. Оның нәтижесін Димаш көрсетті, яғни Димаштан асып түсетін, Димаштың деңгейінде жүретін қазақта өресі де биік, білім де жоғары талантты ұл-қыздары жетеді. Оларды жол көрсетіп тәрбиелейтін кім? Яғни өресі бар, білімі бар, таланты бар ұстаз. Мен өзімді сол қатардан көремін", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу