Димаштан тың туынды: "Aqerke" жаңа форматта жарық көрді

508

31 шілдеде Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің YouTube арнасында қазақтың халық әні Aqerke шығармасының заманауи өңделген нұсқасын көрермен назарына ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Димаштан тың туынды: "Aqerke" жаңа форматта жарық көрді Фото: бейнежазбадан

Бұл ән көп жылдар бойы халық орындаушыларының репертуарында домбыра сүйемелдеуімен айтылып келген. Шығарманы кеңінен танытқан өнер иелерінің бірі – әйгілі әнші әрі композитор Ғарифолла Құрманғалиев.

Жаңа нұсқаны әзірлеу барысында Димаш музыкалық продюсер ретінде Ренат Аубакиров пен саунд-продюсер Ерлан Бекчуринмен бірге жұмыс істеген. Олар әннің ұлттық болмысын сақтай отырып, қазіргі заманғы музыкалық элементтермен байытқан.

Композицияның ерекшелігі – Димаштың орындауымен қатар, Ғарифолла Құрманғалиевтің мұрағаттағы тарихи жазбаларынан алынған дауыс үзінділерінің қолданылуы. Бұл тәсіл өткен мен бүгінді байланыстыратын ерекше музыкалық үндестік қалыптастырған.

Aqerke әніне арналған бейнебаян Алматы қаласы мен Димаштың туған жері – Ақтөбеде түсірілген. Түсірілім жер үстінде, суда және әуеде жүргізіліп, табиғаттың сан алуан көріністері бейнеленген.

Жобаға 130 адамнан тұратын шығармашылық топ атсалысқан. Сондай-ақ Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда 10 мыңға жуық көрермен жиналып, бейнебаянның ауқымды түсіріліміне қатысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу