Әлемнің Димаш Құдайбергенге деген қызығушылығы күн санап артып келеді. Осы жылдың жазында өтетін "Витебсктегі Славян базары – 2017" халықаралық байқауының жабылу салтанатына Димаш Құдайберген шақырылған, деп хабарлайды baq.kz.
Ал концерттің жабылу салтанатына байқаудың 2015 жылғы гран-при иегері, бүгінде өз Отаны – Қазақстанда ғана емес, Қытайға да I am a singer жобасы арқылы танылған Димаш Құдайберген келеді деп жоспарланып отыр.
Агенттіктің ақпаратына сүйенсек, Димаш Витебскке 17 шілде күні келеді.
Димаш "Славян базары – 2015" байқауындағы жеңісінен кейін еліміздің мақтанышына айналды. Отандасымыз байқаудың бірінші күнінде-ақ көш бастап, қазылар алқасының ең жоғары бағасына ие болған еді. Димашты қазылар алқасының мүшелері "ешбір байқаудың шеңберіне сыймайтын сирек дарын иесі" деп бағалады.