Димаш Құдайбергеннің жаңа әні әлемде ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді

420

 Бұл ән үш аптадан бері Ocko Chart рейтингінде 1-орында тұр.

Димаш Құдайбергеннің жаңа әні әлемде ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді Фото: dimashnews.com

Әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "Love’s Not Over Yet" әні ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Әлемнің түкпір-түкпірінен 120 миллионнан астам трекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін француздық Deezer музыкалық ағынды платформасында "Love’s Not Over Yet" Венгриядағы ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді", – деп жазды dimashnews.com.

Айта кетері, ән әлемнің көптеген елінде тыңдалып, түрлі музыкалық хит-парадтар мен рейтингтерге енді.

Чехияның OCKO.TV музыкалық арнасы Димаштың жаңа әнін премьерадан кейін бірден ТОП-20 үздік әндердің қатарына қосқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу