Димаштың "AQERKE" әні халықаралық жазғы рейтингте үздік үштікке енді

1241

Жазғы хиттер рейтингін әлемнің әр елінен дауыс берген тыңдармандар анықтаған.

Димаштың "AQERKE" әні халықаралық жазғы рейтингте үздік үштікке енді Фото: dimashnews.com

Димаш Құдайбергеннің "AQERKE" композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы өткізген #UltimateSummerCountdown қорытынды рейтингінде үшінші орын иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биылғы қорытынды тізімге 20 композиция енген. Дауыс беру 3 қыркүйекте аяқталып, нәтижелері 5 қыркүйекте жарияланды.

Тыңдармандардың таңдауы бойынша "AQERKE" жаз маусымындағы ең танымал әндердің үштігіне кірді.

Channel R Radio — заманауи танымал музыка мен жаңа релиздерге бағытталған тәулік бойы жұмыс істейтін халықаралық онлайн-радиостанция.

Радио әлем тыңдармандарына мобильді қосымша және iHeartRadio, Audacy, TuneIn, Apple Music секілді платформалар арқылы қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу