Димаштың байқаудағы қарсыласы оған тізеқап сыйлады

720

Димаштың байқаудағы қарсыласы оған тізеқап сыйлады

Singer-2017 байқауының жаңа қатысушысы Димаш Құдайбергенге сахнада тізерлеп отырып ән айтатын сәтте жарақат алып қалмауы үшін тізеқап сыйлады, деп хабарлайды inform.kz "WeiboKZ-тің" youtube-каналына сілтеме жасап.

Жанкүйерлер Димаштың әнді жан-дүниесімен беріле шырқаған сәтте тізерлеп отыра кететінін әлдеқашан байқаған.

"Жеке тәжірибемнен жақсы білемін. Ондай сәтте әнші денесінің ауырған-ауырмағанын сезбейді. Сезімге билеген сахналық күй сездірvейді", – дейді Димаштың жанкүйері ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі тобында.

"Мен Димаштың жоғары ноталарды алатын сәтте тізерлеп отыра кететінін байқадым, шамасы осылай отырып айтқанда жоғары дыбыстарды шығару жеңілірек болар", – дейді жанкүйерлер.

Бұған дейін хабарланғандай, Димаш Құдайберген Singer-2017 байқауының 10 кезеңінде 3-орын алды. Сөйтіп финалға жолдама алған еді. Оныншы кезеңде Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған "Ұмытылмас күн" атты өз әнін шырқады.

Һupu.com порталының мәлімдеуінше, Димашпен бірге финалға қытайлық Лин Илиан мен осы елдің тобы "狮子" (Арыстан) өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу