Димаштың челленджінде жеңіске жеткен мектеп директоры Лондонға жолдама ұтып алды

3851

Роликтің өзі 3 миллионнан астам қаралым жинаған.  

Димаштың челленджінде жеңіске жеткен мектеп директоры Лондонға жолдама ұтып алды Фото: Ақмоншақ Нұртаза мұрағаты

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің челленджінде Астанадағы мектеп директоры жеңіске жетті. Осылайша білім ордасының басшысы отандасымыздың Лондондағы концертіне билет ұтып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмоншақ Нұртаза – елордадағы №58 мектеп-гимназияның директоры. Білім ордасының басшысы мектеп түлектерімен бірге Димаштың орындауындағы "Тау ішінде" әніне арналған челленджге қатысты. Бұл – ақын Сәкен Сейфуллиннің әні. 

Мектеп директорының сөзінше, челленджге арналған видеоның өзі 24 мамыр күні желіге жүктелген. Бүгінгі таңда бейнежазба 3,4 млн қаралым, 131 мың лайк жинапты. Осылайша өзге роликтер арасынан оқ бойы оза шауып, үздік атанған.

"11-сыныпты аяқтап, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас түлектермен тамаша бір тренд", - деп жазды Ақмоншақ Нұртаза желідегі парақшасында.

Ақмоншақ Нұртаза мен мектеп түлектерінің ролигі Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы концертінде көрсетілді. Танымал әншінің Лондонда өтетін концертіне билетті мектеп директорына Светлана Айтбаеваның өзі табыстады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу