Димаштың концертіне байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысына шектеу қойылады

843

Димаштың концертіне байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысына шектеу қойылады

Бүгін Димаш Құдайбергеновтың "Астана Аренада" өтетін концертіне байланысты Тұран және Қабанбай батыр көшелеріндегі жол көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды Астана ІІД жергілікті полиция қызметі.

Сағат 19:00-ден  концерт аяқталғанға дейін Тұран мен Қабанбай батыр көшелерінде Керей - Жәнібек хандар көшесінен Ұлы дала көшесіне дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады. 

Концертке № 10, 12, 27, 37, 40, 51, 53, 501, 502, 503, 505, 506 қоғамдық автобустарымен жетуге болады.  

Хабарламада бұдан өзге концерттен қандай қоғамдық көлікпен қайтуға болатыны, көлік қоюға болатын тұрақтар туралы кеңінен мәлімет береді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу