Димаштың костюмі 7 миллионға сатылды

788

Димаштың костюмі 7 миллионға сатылды

Қазақстан әншісі Димаш Құдайбергеннің "Singer-2017" ән байқауының бірінші кезеңінде киген сахналық киімі 158 890 юаньға (7,2 млн теңге) сатылды, деп хабарлайды, inform.kz.

Киім қытайлық mpaimai.jd.com ғаламтор сауда желісінде аукционға шығарылған. Бастапқы бағасы 188 юаньнан (8 500 теңге) басталған киімді сатып алуға 19 640 адам қатысып, 32 адам баға көтерген.

Қорытындысында киім 158 890 юаньға сатылып, жеңімпазға Iphone 6S телефоны сыйға тартылған.

Mpaimai.jd.com сайтының хабарлауынша, Димаш киімін 27 наурыз күні Шанхай қаласындағы 24-кезекті "China Top music Awards" шарасы кезінде осы сайтқа тарту еткен. Ал сайт атақты әншінің киімін сатудан түскен қаражатты Қытайдағы балалар қорына аударып, көмекке зәру балаларға жұмсайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу