Димаштың костюмін аукционда 7 миллионға сатып алған адам оны әншіге қайтарып берді

836

Димаштың костюмін аукционда 7 миллионға сатып алған адам оны әншіге қайтарып берді

"Мен әншімін" байқауында Димаштың алғашқы әнді орындағанда киген киімінің қайырымдылық аукционында 7 миллионға сатылғаны белгілі.

Алайда, сахналық костюмді сатып алған адам ертеңіне оны жас әншінің өзіне қайтып әкеліп берген. Бұл туралы "Тілшіге" Димаштың анасы Светлана Айтбаева айтып берді.

"Ол кісі аты-жөнін айтуды қаламады. Тек, 7 миллион теңгені банктің есепшотына аударғанын растайтын түбіртекті көрсетті. Сонымен бірге, сатып алған костюмін "Мұны тек Димаштың өзі кию керек" деп тастап кетті", — дейді Светлана Айтбаева.

Осыған дейін ақпарат құралдары хабарлағандай "Мен әншімін" байқауының алғашқы күнінде киген костюм қайырымдылық аукционында 158 890 юаньға (7,2 млн теңге) сатылған болатын. Танымал жас әншінің киімі mpaimai.jd.com сайты арқылы аукционға қойылған еді. Саудаға 19 640 адам қатысты. Киімнің алғашқы бағасы 188 юань (8500 теңге) болды.

Костюмді сатудан түскен қаржы Қытайдағы балалар қорының есепшотына аударылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу